5 жылда, көгілдір отын құны арзандамайды, бірте-бірте көтеріле береді.
ERNUR.KZ. Елде 1 шілдеден бастап газ бағасы қымбаттайды, деп жазады inbusiness.kz.
Энергетика министрінің айтуынша, мұндай шешім саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Сондықтан алдағы 5 жылда, көгілдір отын құны арзандамайды, бірте-бірте көтеріле береді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, халық үшін бөлшек саудадағы газ бағасы республика бойынша 1 текше метр үшін 1-3 теңгенің аралығында болады. Ал ірі коммерциялық тұтынушылар қазір 25 теңгеге алып отырса, енді 1 текше метр үшін 33 теңге төлейді.