1 шілдеден бастап Қазақстанда газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі

0
448

Бұл ретте бағаны 2028 жылғы 1 шілдеге дейін кезең-кезеңімен көтеру қарастырылған.


1 шілдеден бастап Қазақстанда газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі

ҚР Энергетика министрлігі 2023 жылғы 6 маусымдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті, деп жазады zakon.kz.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен:

  • Астанада – 27 052 теңге;
  • Алматыда – 25 103 теңге;
  • Шымкентте – 26 197 теңге.

Бұл ретте бағаны 2028 жылғы 1 шілдеге дейін кезең-кезеңімен көтеру қарастырылған.

2027 жылғы 1 шілдеден бастап 2028 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда, газдың бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен:

  • Астанада – 36 135 теңге;
  • Алматыда – 42 759 теңге;
  • Шымкентте – 41 158 теңге.

Басқа өңірлердегі бағаларды мына жерден көруге болады.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сығымдалған және сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары бекітілген.