1 сыныптың оқушысы шахматтан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

0
1 011

8 жасқа дейінгі ер балалар арасында блицте 142-ден алтыншы орынға ие болды.


1 сыныптың оқушысы шахматтан әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

ERNUR.KZ. Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында кадеттер арасында жылдам шахмат және блиц бойынша ІІІ әлем чемпионаты өтті, деп жазады pavlodarnews.kz.

"Аталмыш зияткерлік жарыста №8 мектеп-лицейінің 1 «Ә» сынып оқушысы Ахмет Сулейман 8 жасқа дейінгі ер балалар арасында блицте 142-ден алтыншы орынға ие болды. Жаттықтырушы Сергей Мансуровтың жетекшілігімен Сулейман жарты жыл бойы шахматпен айналысады. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет қалалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы атанған", - дейді обылстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрмат.

Бұған дейін ол облыстық білім басқармасы аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың желтоқсан айында мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Жұлдызды дебют» облыстық турнирінде бірінші орын алған.