Бұйрық 2026 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.
Фото: unsplash
ERNUR.KZ. Қаржы министрі 2026 жылғы 22 шілдедегі бұйрығымен сүзгісі бар және сүзгісіз сигареттердің, папиростардың, сигариллалардың және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасына өзгеріс енгізді, деп жазады zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейін 20 дана темекі өнімі бар бір қаптаманың ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1060 теңге болып белгіленді. Бұған дейін, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оның бағасы 970 теңге болған.
Сондай-ақ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бір қаптаманың ең төменгі бағасы 1120 теңгеге дейін көтеріледі.
Бұйрық 2026 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.


