2025 жылдың басынан 10 138 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылған.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
ERNUR.KZ. Жыл басынан 10 мыңнан астам шетелдік Қазақстаннан шығарылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлім етті, деп жазады inform.kz.
— Жыл басынан бері Қазақстанға келген шетелдіктер саны — 10,8 млн ал оның 10,6 млн-ы елден кеткен, — деді Игорь Лепеха Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, 2025 жылдың басынан 10 138 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылған.