"10 жастағы қыздың өлімі": Орал әкіміне сөгіс жарияланды

0
900

Оралда адам өлімімен аяқталатын жол апаттары 41 пайызға көбейген.


ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Орал әкімі Абат Шыныбековке сөгіс жариялады, - деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы мәслихаттың кезекті сессиясында белгілі болды. БҚО әкімінің айтуынша, қала басшылығына 10 жастағы қыздың өлімінен кейін сабақ алу керек.

"Оралда адам өлімімен аяқталатын жол апаттары 41 пайызға көбейді. Қала әкіміне сөгіс жарияладым. Оған жолдарға және жолдардағы жарыққа жауап беретін бөлім басшыларының жауапкершілігін қарастыруды тапсырған болатынмын. Құрылыс салу барысында осы мәселелерді ескерген жөн. Әсіресе, мектепке баратын жолдарда", - деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

Сондай-ақ, өңір басшысы орынбасарына жол-көлік оқиғаларын алдын алатын ведомствоаралық топ құруды тапсырды.