Қарағандыда сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды

0
100

​Қарағандыдағы сауда орталығында болған қайғылы оқиғаға қатысты тергеу басталды.


Қарағандыда сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Қарағандыда сауда үйлерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды, деп жазады baq.kz.

Куәгерлердің айтуынша, сауда үйлерінің бірінде қайғылы оқиға болған. Ер адамның денесі Ана мен бала бөлмесінен табылған.

Алдын ала деректер бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Мәйітті сауда үйінің күзетшісі байқаған.

«16 қарашада Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен өз-өзіне қол жұмсаған 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп жауап берді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.