"10 жыл күткен сәби": Алматыда екпеден соң жаңа туған сәби көз жұмды

0
2 452

Оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.


ERNUR.KZ. Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы нәрестенің вакцинациядан қайтыс болғанын растамады, деп жазады zakon.kz.

"Жаңа туған нәрестенің қайтыс болуына байланысты біз мынаны хабарлаймыз. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылауды бақылау комитетімен бірлесіп арнайы комиссия құрылды, оның құрамына жоғары медициналық мекемелердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар кірді", делінген хабарламада.
Комиссияның тексеру жұмыстары нәтижелері бойынша бала өлімнің себептері мен қандай жағдайда оның орын алғаны нақтыланатын болады. Комиссияның тексеру қорытындысы құқық қорғау органдарына ұсынылады.
Бұл факт қала басшылығының жеке бақылауына алынған.
Айта кетсек, Алматы қаласының перинаталды орталығында жаңа туған нәресте қайтыс болды. Ата-анасы бұл баласын 10 жыл зарыға күткен. Олар шақалақтың өліміне В гепатитіне қарсы салынған екпе себеп екендігіне сенімді, өйткені ұл бала мерзіміне жетіп, дүниеге сап-сау болып туылған, дәрігерлер екпе салып кеткеннен кейін баланың жағдайы күрт нашарлаған.