2026 жылдың 1-тоқсанында LRT ресми іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.
Фото: Астана әкімдігі
ERNUR.KZ. Бүгін №101 станциясында екі вагоннан тұратын жеңіл рельсті көлік (LRT) құрамын көтеру жұмыстары сәтті жүргізілді, деп жазады inform.kz.
Елорда әкімдігі мәліметінше, құрамды көтеру барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай келе штаттық режимде өтті. Құрамды көтеру – LRT жүйесін салу аясындағы жоспарлы шаралардың бір бөлігі.
Вагондар станцияда 2025 жылғы қыркүйекке жоспарланған сынақтық іске қосу жұмыстарына дейін тұрады.
– LRT жобасын іске асыру – заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың мобильділігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Алғашқы құрамды көтеру – жобаны жүзеге асырудағы маңызды кезең. Біз жұмыс кестесіне сай алға жылжып келеміз, алдағы күзде LRT жүйесінің сынақ жұмыстарын бастаймыз, — деді «City Transportation Systems» ЖШС Басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.
2026 жылдың 1-тоқсанында LRT ресми іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.