1,2 млн қазақстандыққа қолдау көрсетіледі – Асқар Мамин

0
746

Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында жұмыспен қамтуды қолдау шараларын іске асыру барысы қаралды.


1,2 млн қазақстандыққа қолдау көрсетіледі – Асқар Мамин

Биылғы жыл соңына дейін 1 млн 220 адамға қолдау көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында жұмыспен қамту шараларын талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын, Жұмыспен қамтудың жол картасын және басқа да салалық бағдарламалдардың аясында жұмыспен қамту шаралары 743 мың адамды қамтыды. Жылдың соңына дейін 1 млн 220 адамға қолдау көрсетілетін болады», - деді Үкімет басшысы.


Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында тұрақты жұмыс орындарын құруға және өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аударылып, инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі белгіленді. Осы жобалар аяқталған соң, аралас салаларда қосымша 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.