"15 тәулікке ғана қамалады": Атыраулықтар итті тірідей өртегендерді қатаң жазалауды талап етіп, прокуратура ғимаратына жиналды

0
277

21 маусымда Атырауда зооқорғаушылар қалалық прокуратура алдына жиналып, итті тірідей өртеп өлтіргендерді қатаң жазалауды талап етті.


. ERNUR.KZ Олар жануарларды қорғау жайлы заңның Атырау облысында жұмыс істемейтініне наразы, деп жазады Stan.kz


Итті өртеп жібергендерге қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы 2-бөлігі "Жануарға оның өліміне алып келген қатыгездікпен қарау" бабымен іс қозғалған. Дегенмен зооқорғаушылар бұл баппен келіспейді. Сөздерінше, итті телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы өлтірген. Сондықтан іс бұл баптың 3-бөлігі бойынша қозғалуы керек дейді. Ал Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес күдіктіге 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы керек. Іс қозғалған 2-бөлігі бойынша айыпталушылар тек 15 тәулікке қамауға алу не айыппұлмен құтылып кетеді.

"Мені мұны жағаұстатарлық қылмыс деп есептеймін. Егер олар айыппұлмен не кешірім сұрап құтылып кетсе, қатігездікке даны құмар жандарға ерік берумен тең. Мұндай қылмыс үшін қатаң жаза тағайындау керек. Мәселе тек итте ғана емес, біз мұны түсуіміз керек. Мәселе тірі жанға жасалған қатігездікте. Кез келген адам осындай жағдайдың құрбаны болуы мүмкін", – деді қала тұрғыны Юлия Ефремова.

Ал SenFoundation жануарларды қорғау ұйымының еріктісі Гузель Бөлекбаева әкімдіктің жануарларды қорғауға көңіл бөлмейтінін айтады.

"Апта сайын қалада немесе облыста жануарларға қатысты сұмдық жағдайлар болады. Қоғамға жануарларға мейірімділікпен қарауды сіңіргіміз келеді. Стерилдеудің маңызын түсіндіріп, әлеуметтік роликтер және билбордтар дайындаумен де айналыса аламыз. Бірақ билікке қалай жеткізсек болады? Біз зооқорғаушыларды әкімдік ғимаратына жинаса дейміз", – деді Гузель Бөлекбаева.

Прокуратура алдына жиналғандар ішке кіріп, істі тыңғылықты тергеуді және кінәлілерді қатаң жазалауды талап ететін ұжымдық хат жазды.


Бөлісу