16 миллион адамның жеке деректері тарап кеткен: мән-жайы айтылды

0
135

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев азаматтардың деректерінің жаппай тарауына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.


16 миллион адамның жеке деректері тарап кеткен: мән-жайы айтылды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда 16 миллион адамның жеке деректерінің тарап кетуіне қатысты істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр, - деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы ІІМ редакцияның ресми сауалына берген жауапта айтылған.

"Қылмыстық кодекстің 208-бабы, 2-бөлігі "Ақпаратқа заңсыз қол жеткізу" бойынша қозғалған қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев азаматтардың деректерінің жаппай тарауына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын.