16 жыл бұрын сотталған қазақстандық әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды

0
109

Қазіргі уақытта сотталған әйел тергеу изоляторына қамалды.


16 жыл бұрын сотталған қазақстандық әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды

ERNUR.KZ. Ол аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін 15,5 жылға сотталған, деп жазады baq.kz.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қырғыз Республикасынан 16 жыл бұрын шығарылған сот үкімін орындау үшін Қазақстан азаматшасын экстрадициялады.

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының 2010 жылғы 23 қарашадағы үкімімен іздеуде жүрген әйел аса ірі көлемдегі есірткі заттарын контрабандалық жолмен тасымалдап, өткізгені үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Тергеу материалдарына сәйкес, ол 2010 жылы ақша сыйақысы үшін өткізу мақсатында салмағы бір келіден асатын гашиш есірткісін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өткен.

Алайда оның кәмелетке толмаған баласы болғандықтан, сот жазаны өтеуді баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырған.

Пробациялық бақылауда жүрген әйел 2017 жылы сот үкімін орындаудан жалтарып, іздеуге жарияланған.

Биыл наурыз айында ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта сотталған әйел тергеу изоляторына қамалды.