Зымыран тасығышты ұшыруға 150-ге жуық әскери қызметкер қатысады.
ERNUR.KZ. Орталық әскери округтің әскери қызметшілері Қазақстандағы "Союз МС-21" ғарыш кемесінің ұшырылуын қамтамасыз етеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Зымыран тасығышты ұшыруға 150-ге жуық әскери қызметкер, төрт Ми-8 тікұшағы, екі Ан-26 және Ан-12 ұшағы, сондай-ақ PEM-1 және PEM-2 Blue Bird жерүсті іздеу-құтқару машиналары қатысады", - деп жазылған хабарламада.
"Көлік және әскери авиация Байқоңыр, Жезқазған, Қарағанды және Таулы-Алтайдағы жедел аэродромдарға көшіріледі", - деп толықтырды Орталық әскери округ.
Әскерилердің айтуынша, ғарыш аппаратын ұшыру және орбитаға шығару кезекшілігі Екатеринбург қаласындағы Орталық әскери округінің Әскери-әуе күштері мен әуе қорғанысы құрамасының жауынгерлік басқару орталығында ұйымдастырылады.
"Союз МС-21" басқарылатын ғарыш кемесі мен ХҒС-67 экспедициясының экипажымен "Союз-2.1а" зымыран-тасығышын ұшыру 18 наурызда "Байқоңыр" ғарыш айлағынан Мәскеу уақытымен сағат 18:55:19-ға жоспарланған. "Союз МС-21" экипажының командирі Олег Артемьев, бортинженерлер Денис Матвеев пен Сергей Корсаков орбитаға шығады.