19 жастағы қарағандылыққа екі түрлі вакцина салынған

0
368

Қызметтік тексеру басталды.


19 жастағы қарағандылыққа екі түрлі вакцина салынған

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы қала тұрғынына екі түрлі вакцина салынған оқиғаға қатысты қызметтік тексеруді бастады, деп жазады baq.kz.

Еkaraganda.kz редакциясына Ольга Величко өзінің 19 жастағы қызына екі түрлі вакцина салынғаны туралы айтып хабарласқан.

Бұған дейін қыз жеке клиникалардың бірінде араб және қытайлық өндіруші Hayat-Vax-ті салғызған, ал екінші компонентті алу үшін ол Қарағанды қаласындағы №1 емханаға барған. Онда қала тұрғынына ресейлік Спутник V вакцинасын салған.

Менің қызым толтырған сауалнамада Араб вакцинасы қажет екендігі туралы жазбаға қарамастан, медбике енгізетін препаратты көрсетпестен, үндемей вакцина салып берген. Қызымнан кейін менің әпкем де Hayat-Vax-тың екінші компонентін алу үшін егу кабинетіне кірген. Сол кезде оған да медбике Спутник V вакцинасын салғалы жатқанын байқап қалған. Әпкем ашуланып, түсініктеме сұрай бастағанда, менің қызыма да Спутник V вакцинасы салынғаны анықталды, - дейді Ольга Величко.

Осы жағдайдан кейін Ольга вакцинациялау хаттамасының не себепті сақталмағанын білу үшін медициналық мекемеге барған. Бірақ тұшымды жауап ала алмаған.

Ольга Величко Денсаулық сақтау басқармасына шағым жазған.

Ал бұл оқиға жөнінде Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының баспасөз хатшысы Айнұр Абдиева іс бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқандығын айтты.

Осы іс бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, нәтижесі бойынша қосымша хабарлаймыз, - деді баспасөз хатшысы.