Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)

0
86

​Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.


Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Өз кезегінде қалалық Полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады.

«Есіл өзенінде мәйіттің табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері марқұмның Астана қаласының 54 жастағы тұрғыны екенін анықтады», – делінген ПД-ның агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Жағдайдың мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.