Елімізде мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады.
ERNUR.KZ. 2018 жылы Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Еңбек кодексінің 85 бабының 3 тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
Фото: sputniknews.kz
Бұл 2018 жылы демалыс күндерін өткізу туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы бойынша бекітілген.