Тоқаев микро және шағын бизнес компанияларын негізгі қызметтен үш жыл мерзімге салық төлеуден босатудың заңнамалық негізін әзірлеуді тапсырды.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш жылға шағын кәсіпкерлікті тексеруден босатуды тапсырды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
«Микро және шағын бизнес компанияларын негізгі қызметтен үш жыл мерзімге салық төлеуден босатудың заңнамалық негізін әзірлеуді тапсырамын. 2020 жылдың қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу туралы менің шешімім күшіне енеді. Біз тұтынушылар мен азаматтар алдында жауапты болуға тиіс біздің бизнесіміздің парасаттылығы мен заңға мойынсұнушылығына сенеміз», - деді Президент өз сөзінде.