2021 жылдан бергі ең төмен баға: мұнай күрт арзандады

0
521

Соңғы рет мұндай көрсеткіш 2021 жылы 20 желтоқсанда болған еді.


2021 жылдан бергі ең төмен баға: мұнай күрт арзандады

ERNUR.KZ. Brent маркалы мұнай бағасы 71 доллардан төмендеді. Бұл - 2021 жылдың соңынан бергі ең төмен баға, деп жазады ulysmedia.kz.

ICE биржасы мәліметінше, Астана уақытымен сағат 13:04 -те Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің баррелі $70,65 болды. Ал WTI маркасының мамырдағы фьючерстерінің баррелі 3,14% арзандап 64,83 долларды құрады.

Соңғы рет мұндай көрсеткіш 2021 жылы 20 желтоқсанда болған еді.

Еске сала кетейік, Украинадағы соғысқа байланысты Еуропа елдері Ресей мұнайына эмбарго жариялаған. Ақпан айында Қазақстаннан Германияға 20 мың тонна мұнай жеткізілді. Наурызда да бұл елге дәл осындай көлемде қара алтын экспортталмақ.

Бұдан бұрын ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда мұнай бағасы қанша болуы керегін айтқан.