2021 жылдың басынан бері 10 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

0
774

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 80,7 мың этникалық қазақ оралды.


2021 жылдың басынан бері 10 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 10 398 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 80,7 мың этникалық қазақ оралды.

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,4%) Өзбекстаннан, 10,1% – ҚХР-дан, 6,4% – Түркіменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,6% – басқа елдерден келгендер болып табылады.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (29,8%), Түркістан (14,2%), Маңғыстау (18,4%) және Жамбыл (8,3%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,6%) қаласына қоныстанды.

Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,2%-ды және зейнеткерлер 18,4%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 11%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 45,6%-ы жалпы орта білімді және 3,8%-ның білімі жоқ.