Сонымен қатар министр орынбасарының мәлімдеуінше, сайлау процесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді.
ERNUR.KZ. Елімізде сайлауды өткізу процесін жетілдіруге бағытталған бірнеше өзгеріс енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Аудандар және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау кезең-кезеңімен ұйымдастырылады. Әкімдерді сайлау үш кезеңде өтеді. 2023 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктердің - 25%, 2024 жылы - 25%, ал 2025 жылы барлық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайлау арқылы тағайындалады», - деді ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова ОКҚ-де өткен брифингте.
Сонымен қатар министр орынбасарының мәлімдеуінше, сайлау процесін жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді.
«Әлеуметтік желілерде үгіт-насихатқа рұқсат беру, сол сияқты аумақтық сайлау комиссияларының қызметін кәсібилендіру, сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтың шекті мөлшерін белгілеу және тағы басқа өзгерістер қамтылған», - дейді ол.
Айта кетсек, елімізде Президенттің бірқатар құзыреті мен өкілеттігін шектейтін заң қабылданды.