Деректер arpaakma@gmail.com электронды поштасына БАҚ бірінші басшыларының ресми жауабымен 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін қабылданады.
ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметі 2025 жылы ОКҚ іс-шараларына қатысуға тұрақты аккредиттеу үшін БАҚ өкілдерінің пулын қалыптастыратыны туралы хабарлайды.
Аккредиттеуден өту үшін өтінішті, сондай-ақ журналистер мен телеоператорлардың деректері бар келесі құжаттар топтамасын жолдау қажет:
- аккредиттелетін журналистің жеке куәлігінің көшірмесі;
- БАҚ немесе телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган берген мерзімді баспасөз басылымын немесе ақпарат агенттігін, не теле - радиоарнаны есепке қою туралы куәліктің көшірмесі;
- аккредиттелетін журналистің «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі.
Деректер arpaakma@gmail.com электронды поштасына БАҚ бірінші басшыларының ресми жауабымен 2025 жылдың 10 қаңтарына дейін қабылданады.