2026 жылдан бастап мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысына қатысты өзгеріс болады

0
143

Бұл туралы Сенат кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев айтты.


2026 жылдан бастап мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысына қатысты өзгеріс болады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2026 жылдан бастап азаматтық қызметкерлердің ең төменгі жалақысы 99 мың теңге көлемінде болады, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Сенат кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев айтты.

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, 2025 жылға арналған бюджетте азаматтық қызметкерлердің жалақысын бөлек көтеру қарастырылмаған. Дегенмен, олардың еңбекақысы үшін міндетті ең төменгі шек белгіленіп отыр.

Бюджетте арнайы өсім көзделмегенімен, азаматтық қызметкерлер үшін ең төменгі жалақы мөлшерін 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте 99 мың теңгеден төмен болмайды деп көрсеттік. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары жыл сайын қайта қаралып отырады, – деді вице-министр.

Оның сөзінше, бұл норма барлық мемлекеттік органның жоспарларына енгізіледі. Сонымен бірге жалақыны жыл сайын қайта қарау тетігі заңнамалық деңгейде бекітілген.

Қазақстан тиісті халықаралық конвенцияны ратификациялады. Енді ең төменгі жалақы көлемі жыл сайынғы талқылау мен жаңартудың тұрақты процесіне айналады, – деп айтты Ертаев.

Азаматтық қызметкерлер деген кімдер?

Азаматтық қызметкерлер – бұл мемлекет қаражатына жұмыс істейтін, бірақ әскери немесе құқық қорғау органдарында қызмет етпейтін адамдар.

Оларға мыналар жатады:

• мұғалімдер мен оқытушылар,
• дәрігерлер мен медбикелер,
• мәдениет, ғылым және әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері,
• мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлер, хатшылар, іс жүргізушілер,
• инженерлер, техниктер және басқа да көмекші қызметкерлер.

Яғни азаматтық қызметкер – бұл бюджет саласында жұмыс істейтін, бірақ әскери шен немесе арнайы мәртебесі жоқ маман.