Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, былтыр 26 медициналық мекеме пайдалануға берілген.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында Қарағанды облысында 92 нысан салу жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, былтыр 26 медициналық мекеме пайдалануға берілген. Қалған 66 мекемені биыл жылдың соңына дейін қолданысқа беру жоспарлануда. Нәтижесінде 2026 жылға қарай ауылдық денсаулық сақтау нысандары ғимараттарының 52%-ы жаңартылады.
Өңірдің медициналық ұйымдарындағы кадр ресурстарын талдау бүгінде барлық деңгейдегі мамандарға қажеттілік бар екенін көрсетті. Мысалы, ауылдық жерлерде тапшылық 42 штаттық бірлікті құрайды. Бұл мәселені шешу үшін медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге көлемінде көтерме ақы төленеді, сондай-ақ тұрғын үй беріледі.