Ресей 2020 жылы Байқоңырдан "Протон" зымыран-тасығышын тек бір рет ұшырған.
ERNUR.KZ. 2026 жылы Байқоңырдан "Протон" зымыран-тасығышын ұшыру тоқтатылады. Бұл туралы цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"2016 жылы (Ресей - авт.ескерт.) жыл сайын "Протон" зымыран-тасығыштары бес реттен артық ұшырылмайтыны туралы келісім жасалған және ол 2026 жылға қарай мүлде тоқтатылады", - деді Мусин мәжілістің жалпы отырысында.
Ол Ресей 2020 жылы Байқоңырдан "Протон" зымыран-тасығышын тек бір рет ұшырғанын, ал 2021 жылға арналған ұшыру жоспары әлі алынбағанын айтты.