2026 жылы Қазақстанда 11 мың км жол жөнделеді

0
120

2,3 мың км жаңа жол салынады.


2026 жылы Қазақстанда 11 мың км жол жөнделеді

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. 2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымға жуық автомобиль жолында түрлі деңгейдегі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Вице-министрдің айтуынша, 2026 жылы жол саласы мынадай бағыттар бойынша дамиды:

– 2,3 мың км – жаңа жол құрылысы мен реконструкция;

– 5 мың км – күрделі және орташа жөндеу;

– шамамен 4 мың км – жергілікті жол желісін дамыту.

Бұл ретте республикалық маңызы бар бағыттармен қатар, аймақтардағы ішкі жолдарға да басымдық беріліп отыр.

2026 жылы бірқатар ірі автожол жобаларының құрылысы мен жаңғыртуы жалғасады. Соның ішінде:

– Қызылорда – Жезқазған автожолы (208 км, Ұлытау облысы);

– «Орталық – Батыс» жобасы (896 км);

– Ақтөбе – Ұлғайсын (232 км);

– Қарағанды – Жезқазған (572 км);

– Бейнеу – Сексеуіл бағыттары.

Бұл жобалар елдің транзиттік әлеуетін күшейтуге тікелей бағытталған, дейді вице-министр.

Көлік жүктемесін азайту мақсатында Сарыағаш, Қызылорда, Петропавл және Рудный қалаларын айналып өтетін жаңа жол жобалары іске асырылады.

Сонымен қатар туристік және шекара маңындағы бағыттар да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, Рахман қайнары бағыты, сондай-ақ Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы учаскесінде жол сапасы жақсартылады.

Күрделі және орташа жөндеу жоспарланған негізгі бағыттар:

– Жезқазған – Петропавл;

– Атырау – Орал;

– Жаңаөзен – Кендірлі;

– Мақат – Құлсары;

– Макинск – Ақсу – Торғай және өзге де жолдар.

Ал жергілікті жол желісі аясында Ақтау – Форт-Шевченко, Түркістан – Шәуілдір, Чапай – Сайқын бағыттары жаңартылады. Сондай-ақ Семей қаласындағы көпір құрылысы жалғасады.