Болжамға сәйкес Қазақстанда 2030 жылға дейін біліктілігі орта және төмен деңгейдегі жұмысшыларға сұраныс сақталады.
ERNUR.KZ. Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2030 жылға қарай сұранысқа ие болатын мамандықтар тізімін әзірледі, деп жазады stan.kz.
"Біздің болжамға сәйкес Қазақстанда 2030 жылға дейін біліктілігі орта және төмен деңгейдегі жұмысшыларға сұраныс сақталады. Оның ішінде 56 пайызын күзетшілер, сатушылар, жүргізушілер тағы сол сияқты сала жұмысшылары құрайды", - деді аталған министрлікке қарасты "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская "Қазақстанның еңбек нарығы туралы екінші ұлттық баяндама" атты онлайн-конференцияда.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамынша, Қазақстанда 2030 жылға қарай сұранысқа ие болатын ТОП-20 мамандық келесідей:
1. Бухгалтерлер;
2. Күзетшілер мен инкассаторлар;
3. Сатушылар;
4. Мектептегі қоғамдық пәндер мұғалімдері;
5. Жүргізушілер;
6. Орта деңгейдегі медицина қызметкерлері;
7. Мектептегі жаратылыстану пәндері мұғалімдері;
8. Тәрбиешілер;
9. Тазалықшылар;
10. Бастауыш сынып мұғалімдері;
11. Кеңсе тазалықшылары;
12. Шаштараз;
13. Мектептегі кейбір пәндер мұғалімдері:
14. Кеңсе қызметкері;
15. Базар және көше саудагерлері;
16. Ғимарат қарауылдары;
17. Аспаздар;
18. Кәсіби емес жұмысшылар;
19. Фермерлер мен аралас өнімді өндірушілер;
20. Фермерлер және көкөністі дәстүрлі жолмен өсіретін жұмысшылар.