21 жастағы маңғыстаулыққа оқ тиді: науқастың қазіргі жағдайы белгілі болды

0
809

Науқас ауруханаға санитарлық авиациямен өте ауыр жағдайда жеткізілген.


21 жастағы маңғыстаулыққа оқ тиді: науқастың қазіргі жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына оқ тиіп, санитарлық авиациямен жеткізілген 21 жастағы науқасқа антибактериалды терапия, сиптоматикалық ем шаралары жүргізіліп жатыр, деп жазады tengrinews.kz.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының мәліметінше, науқастың жағдайы - бірқалыпты.

"Қазір тұрақты емін қабылдап жатыр. Дәрігерлердің бақылауында", - деді дәрігерлер.

Айта кетейік, науқас сол жақ бет аймағының атылған жарақаты, төменгі жақ сүйегінің ашық сынығы, мұрын, ауыз қуысында, көз аймағының артқы жағында пытыралардың, оқ дәрілердің болуы диагнозымен облыстық көпбейінді ауруханасына санитарлық авиациямен өте ауыр жағдайда жеткізілген. Осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде ем қабылдады.