23 жылға дейін соттау: прокурор Шерзат Полат ісі бойынша ең жоғарғы жазаларды сұрады

0
165

Абзал Шынасылды 23 жылға соттау сұралды.


23 жылға дейін соттау: прокурор Шерзат Полат ісі бойынша ең жоғарғы жазаларды сұрады

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай жарыссөзде сотталушыларға ең қатаң жазаларды сұрады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Шерзат Полаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай жарыссөзге шықты.

Ол сотталушылардың әрекеттері заңды түрде дұрыс сараланғанын атап өтті. Нақты айтқанда, Абзал Шынасылды «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша кінәлі деп танып, 23 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Ал басқа сотталушыларға қатысты келесі жазалар талап етілді:

  • Думан Ысқақ – ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылуы тиіс;
  • Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дархан Қалихамет, Шыңғыс Белғожаев – ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі (Бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылуы тиіс;
  • Нұрқияс Ілиясов – 7 жылға сотталуы тиіс, ал бұрын өтелмеген жаза мерзімін ескере отырып, жалпы 9 жылға бас бостандығынан айыру сұралды;
  • Азамат Тоқтаубаев – ҚР ҚК 290-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға соттау, ал бұрынғы жазалармен қосып есептегенде 15 жылға бас бостандығынан айыру сұралды;
  • Равиль Сәкиев – ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға соттау, ал бұрынғы өтелмеген жазасын ескере отырып, жалпы 20 жылға бас бостандығынан айыру талап етілді.

Айыптаушы тарап барлық сотталушыға қатысты ең жоғары жаза тағайындауды сұрап отыр.