25 адам "Болашақ" стипендиясынан айырылды

0
631

Олар келісімшарт міндеттемелерін орындамағандары үшін стипендиядан айырылды.


25 адам

ERNUR.KZ. 25 адам «Болашақ» стипендиясынан айырылды. Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрбозова айтты, деп жазады ҚазАқпарат.


«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссияның күн тәртібінде екі мәселе болды. Бірінші - конкурстық іріктеуден өткен үміткерлерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы, екінші - «Болашақ« халықаралық стипендиясының жекелеген иелерін келісімшарт міндеттемесін орындамауына байланысты одан айыру туралы. Конкурстық іріктеудің екі кезеңінен сәтте өткен 57 үміткерге стипендия тағайындалды», - деді Айнұр Кәрбозава отырыстан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.


Сонымен қатар ол екінші мәселе бойынша келісімшарт міндеттемесін орындамаған 25 стипендиятқа қатысты жан-жақты қаралып, оларды стипендиядан айыру туралы шешім қабылданғанын атап өтті.


«Екінші мәселеге қатысты айтар болсам, ол академиялық бағдарлама аяқталғаннан кейін магистр дәрежесін алмаған, сонымен қатар оқуын аяқтамаған стипендияттарға қатысты болды. Бүгінгі комиссия мұндай 25 шешім шығарды. Олар келісімшарт міндеттемелерін орындамағандары үшін стипендиядан айырылды. Енді олармен мемлекет алдындағы берешектерін өтету бойынша жұмыс жүргізіледі. Аталған азаматтар оқуларына жұмсалған барлық шығындарды өтеуі тиіс», - деді ол.