25 шілдеден бастап Ресейге ұшу үшін арнайы қосымша орнату қажет болады

0
337

​Мобильді қосымша 25 шілдеден бастап Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан азаматтары үшін міндетті болады.


25 шілдеден бастап Ресейге ұшу үшін арнайы қосымша орнату қажет болады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар 25 шілдеден бастап ЕАЭО елдерінен Ресейге ұшып бару үшін "Путешествую без COVID-19" қосымшасын орнатып алуы қажет, деп жазады sputniknews.kz.

Қазақстан азаматтары Ресейге әуе рейстерімен ұшып келу үшін "Путешествую без COVID-19" мобильді қосымшасы арқылы коронавирусқа қарсы ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткенін растауы қажет.

ПТР тест Ресейге келгенге дейін үш күннен ерте жасалмауы керек.

"Жаңа ереже 25 шілдеден бастап ЕАЭО-ға мүше елдерден (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан) әуе рейстерімен ұшып келу үшін қолданылады", - делінген хабарламада.

1 қыркүйектен бастап "Путешествую без COVID-19" қосымшасы Әзербайжан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан да ұшып келу үшін міндетті болады.

Ресей тікелей рейстерді қалпына келтірген үшінші елдерден ұшып келетін Қазақстан азаматтары (сілтемені қараңыз) бұрынғыдай РФ шекарасынан өткенге дейін үш күн ішінде жасалған ПТР тестін ұсынуы керек.

Елшілік Қазақстан азаматтарының Ресей Федерациясына құрлық арқылы кіруі бұрынғыдай шектеулі екенін және тек жекелеген санаттарға рұқсат етілгенін ескертті.