250 әскери қызметші Африкадағы миссияға дайындалуда – Қорғаныс министрі

0
643

Сонымен қатар ол Бүкілармиялық кеңес әскери қызметшілердің моральдық рухын әрқашан биік ұстауға, Отанын қорғау қасиетті борышына берік болуға жаңа серпін бергенін атап өтті.


250 әскери қызметші Африкадағы миссияға дайындалуда – Қорғаныс министрі

ERNUR.KZ. 250 әскери қызметші Африкадағы миссияға дайындалуда. Бұл туралы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Халықаралық ықтымақтастық кезінде бірлескен оқу-жаттығу өткізу жалғасуда. Қазақстанның бітімгершілік операцияға қатысу аясы кеңеюде. Соңғы 10 жылда 600-ден астам әскери қызметші Біріккен Ұлттар Ұйымы контингентінде қызмет өткеріп, тәжірибе жинақтады. Қазір 250 адам Африкадағы мисссияға дайындалуда», - деді Қорғаныс министрі Президент – Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Бүкілармиялық кеңесте.

Сонымен қатар ол Бүкілармиялық кеңес әскери қызметшілердің моральдық рухын әрқашан биік ұстауға, Отанын қорғау қасиетті борышына берік болуға жаңа серпін бергенін атап өтті.

«Қарулы күштердің жеке құрамы ел Тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау міндетін орындауға әрқашан дайын», - деді Руслан Жақсылықов.

Осыған дейін әскери қызметшілердің жорық киімінің жаңа үлгісі таныстырылғаны хабарланды.