26 жылда елімізде ЭКО әдісімен қанша сәби дүниеге келді?

0
2 576

​2020 жылы елімізде 9 мыңнан аса әйел бедеулік есебінде тұрған.


26 жылда елімізде ЭКО әдісімен қанша сәби дүниеге келді?

ERNUR.KZ. 1995-2021 жылдар аралығында Қазақстанда бір балаға зар болған 85 мыңға жуық ерлі-зайыпты қосалқы репродуктивті технологиялар арқылы емделген, деп жазады inbusiness.kz.


«Бүгінде экстракорпоральді ұрықтандыру (ЭКО) бағдарламасы бойынша емделуге есепте тұрған науқастардың саны – 12 320. Оның 12 245 әйел және 75 ер адам). Өткен жылы елімізде 9 050 әйел бедеулік есебінде тұрған», – деді Денсаулық сақтау министрлігі.

Сонымен қатар 1995 жылдап Қазақстанда бала сүюге зар болып отырған 85 мыңға жуық ерлі-зайыпты қосалқы репродуктивті технологиялар әдісі арқылы емделген.


«Емдеу тиімділігі орта есеппен 15%-дан 42%-ға дейін өсті. Осы уақытқа дейін елімізде «пробиркадан» 22 500-ден аса сәби пайда болды», - деп жауап берді Денсаулық сақтау министрлігі.