БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш үндеу жасап, әлем елдерін аталған келісімді ратификациялауға шақырды.
ERNUR.KZ. 2009 жылы дәл осы күні Қазақстанның бастамасымен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қарар қабылдады, деп жазады baq.kz.
Енді осы датаға орай Қазақстаннның Ядролық қаруға тыйым салу туралы құжатының ратификациялау грамоталарын табыстау шарасы өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойды. Бұл Тұңғыш президенттің 2045 жылға қарай ядролық қарусыз әлем құру бастамасын жүзеге асырудағы маңызды қадам болды.
Сондай-ақ мереке қарсаңында БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш үндеу жасап, әлем елдерін аталған келісімді ратификациялауға шақырды.
Оның айтуынша, бұл күнді барлық ядролық қарудың көзі жойылмайынша атап өту қажет.