Үкімет қаулы жобасын көпшіліктің талқылауына жіберді.
ERNUR.KZ. Қазақстан Үкіметі шетелдік азаматтарға берілетін 72 сағаттық визасыз режимге салынған шектеуді 1 қарашаға дейін созуды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz.
«Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., №29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатылсын», – деп жазылған Электродық үкімет порталындағы құжат жобасында.
Құжат қоғам талқылауында 29 сәуірге дейін болады.
Еске салсақ, бұған дейін Қытай мен Үндістан азаматтарына беріліп келген 72 сағаттық визасыз режим 1 шілдеге дейін тоқтатылған болатын.