300 млн теңгенің мұнайын заңсыз өткізген қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды

0
176

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.


300 млн теңгенің мұнайын заңсыз өткізген қазақстандық БАӘ-ден экстрадицияланды

фото: Sputnik / Алексей Вовк

ERNUR.KZ. Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы үшін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп жазады sputnik.kz.

Ол коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізген.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
"Күдікті 2024 жылы Дубайда анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі кезде ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлайды ведомство.
Мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, 2024 жылы оның сыбайласы сотталған.