3,6 миллиард теңге шығын: Іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды

0
673

Қылмыстық іс бойынша 600-ден аса жәбірленуші анықталған.


3,6 миллиард теңге шығын: Іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды

ERNUR.KZ. Грузияда 2020 жылдың наурызынан бері іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурызынан бері іздеуде жүрген күдікті қазақстандық ұсталды.

"Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталып отыр. Келтірілген шығын 3,6 миллирад теңгеден асады", - делінген хабарламады.

Қылмыстық іс бойынша 600-ден аса жәбірленуші анықталған. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.