Кейбір азаматтар ақшаны мемлекетке қайтаруға міндетті деп ойлаған.
ERNUR.KZ. Kaspi.kz 42 500 теңгені қайтару функциясының пайда болуына қатысты түсінік берді, деп жазады Tengrinews.kz.
Осыған дейін Kaspi.kz қосымшасын пайдаланушылар коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген қатаң шектеулер кезінде қазақстандықтар алған әлеуметтік көмекті қайтару функциясы пайда болғанын байқаған еді. Кейбір азаматтар ол ақшаны мемлекетке қайтаруға міндетті деп ойлаған.
Алайда банк клиенттерге 42 500 және 21 250 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті қайтару керегі туралы хабарлама жібермегенін атап өтті.
"Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы қаражатты қайтару функциясы карантин кезінде нақты табысы бола тұра, әлеуметтік төлемді алғандар үшін жасалған. Мұндай төлемді қайтару әр азаматтың өз еркінде", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда 42 500 теңге көлеміндегі көмекті 2 миллионнан аса қазақстандық алған.