«5-10-20»: Пәтер іздеуге берілетін мерзім ұзартылады

0
653

«7-10-20» бағдарламасы арқылы банктен несиесі мақұлданған азаматқа пәтер табуға екі ай уақыт берілетін.


«5-10-20»: Пәтер іздеуге берілетін мерзім ұзартылады

ERNUR.KZ. «5-10-20» бағдарламасы аясында банкте несиесі мақұлданған азаматқа пәтер іздеп табуға берілетін уақыт 6 айға дейін ұзартылады. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері «7-10-20» бағдарламасы арқылы банктен несиесі мақұлданған азаматқа пәтер табуға екі ай уақыт берілетіндігін әрі бұл мерзімнің жеткіліксіз екендігін айтқан еді.

Осы мәселеге орай жауап берген Жансұлтан Матаев аталған мерзімді ұзарту мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

«Иә, бүгінгі таңда ережеге сәйкес 2 ай уақыт беріледі. Оны жеткіліксіз деушілермен келісеміз. Қазір банктің несиелік комитетінде пәтер табуға берілетін мерзімді созу, яғни 2 айдан 6 айға дейін ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр. Бізге де осы мәселеге қатысты клиенттерден көптеген сауал түсіп жатыр. Жақын арада шешімімізді хабарлаймыз», - деді ол.