5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні Этноауылда өтеді

0
353

23 ветеринар жарыс алаңында қызмет атқарады.


5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні Этноауылда өтеді

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында медициналық штабта 150 медициналық қызметкер жұмыс істейді, деп ERNUR.KZ.

Сонымен қатар 23 ветеринар жарыс алаңында қызмет атқарады. Көшпенділер ойындарына шамамен 560 спорттық ат қатысады. Олардың 114-і – ұлттық құраманың барлық спорт түрлеріндегі аттары, 300-і – басқа елдерден аттарын әкелмеген қатысушылар үшін Дирекция жалға алған аттар.

Қырғызстан, Моңғолия, Қытай Халық Республикасының қатысушылары да өз аттарын алып келеді. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев ОКҚ алаңында осылай деді.

Көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар «Арғымақ» ат спорты кешенінде және «Қазанат» ипподромында орналастырылады. Бұл жерде барлық қатысатын жануарларға орындар дайындалды.

Дәстүрлі «Құсбегілік» аңшылық өнер сайысына 45 жуық құс қатысады. Бұл ұлттық құраманың құстары, сондай-ақ Моңғолия мен Қырғызстаннан қырандар, сұңқарлар мен қаршығалардың келеді деп күтілуде. Құстар Астаналық циркте орналастырылады. Көшпенділер ойындарына қатысатын жануарларды орналастыруға арналған барлық орын қажетті ветеринариялық-санитарлық стандарттарға сай келеді.

«Ойындардың жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні Этноауылда өткізіледі. Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын келесі қабылдайтын ел белгілі болды. 6-шы Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын Өзбекстан өткізеді деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда 89 елден қатысуға өтінімдер алдық. Көшпенділер ойындары – бұл бүкіл әлем үшін жаңа және қызықты құбылыс, сондықтан оған деген қызығушылық артып келеді», – деді ведомство өкілі.

Бүгінде Ойындардың географиясы кеңейді, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына алғаш рет қатысатын елдер де бар. Он жыл ішінде әлемдік Ойындарға алғаш рет барлық құрлықтан елдер қатысты. Мысалы, қатысушы елдер арасында Қазақстанға келетін ең алыс ел Австралия болмақ. Жаңадан қатысатын елдер арасында Венесуэла, Ирландия, Гамбия сынды мемлекеттер бар.