50-ге толмаған және арнайы дайындықтан өтуі шарт: Қазақстанда кім мектеп күзетшісі болып жұмыс істей алады

0
92

Бүгінде 6,9 мыңнан астам нысан лицензиясы бар күзетпен жабдықталған.


50-ге толмаған және арнайы дайындықтан өтуі шарт: Қазақстанда кім мектеп күзетшісі болып жұмыс істей алады

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда күзет ұйымдарына, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы күзет қызметіне бірыңғай талаптар белгіленді, деп жазады stan.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев депутаттық сауалға берген жауабында балабақшалар мен мектептердің қауіпсіздігі штаттық қызметкерлер немесе лицензиясы бар күзет ұйымдарын тарту арқылы қамтамасыз етілетінін айтқан. Оның сөзінше, нақты іріктеу критерийлерін, мамандардың біліктілік деңгейін, инженерлік-техникалық жабдықтың болуын талап ететін күзет қызметін алу бойынша үлгілік конкурстық құжаттама әзірленген.

Атап айтқанда мынандай талаптер енгізілген:

  • күзетшілердің жасы 25 жастан 50 жасқа дейін болуы шарт;
  • арнайы дайындықтың болуы;
  • қаруды алып жүруге және пайдалануға лицензияның болуы;
  • соттылығы жоқ;
  • кеңсе ғимаратының болуы;
  • кем дегенде екі жылдам әрекет ету тобының болуы.

Бүгінде 6,9 мыңнан астам нысан лицензиясы бар күзетпен жабдықталған. 2022 жылдан бері 20 мың оқу орнында 220 мыңнан астам цифрлық бейнебақылау камералары орнатылған. Ақпаратты 30 күнге дейін сақтайтын камералар полицияның жедел басқару орталықтарына қосылған.

"Білім беру нысандарында жасанды интеллект те қолданылады, ол мектептегі және оның аумағындағы буллингті автоматты түрде анықтауға және бірден мектеп әкімшілігіне хабарлауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Көшербаев.