5000 зорлықшы мен педофил босатылмайды - Бас прокуратура

0
1 396

БАҚ-тарда осы заң аясында ауыр қылмыс жасаған 5000 сотталушының бостандыққа шығатыны жайлы мәліметтер жарияланды.


5000 зорлықшы мен педофил босатылмайды - Бас прокуратура

ERNUR.KZ.ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов қылмыстық-процестік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған заңның негізгі ережелерін айтып берді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында жазаларды ізгілендіруге бағытталған заңның 31 шілдеден бастап күшіне енетінін айтып өтті. Сондай-ақ, ол
кімдердің жазасы жеңілдетілуі мүмкін екенін айтып берді.

"БАҚ-тарда осы заң аясында ауыр қылмыс жасаған 5000 сотталушының бостандыққа шығатыны жайлы мәліметтер жарияланды. Олардың қатарында зорлық, ұрлық жасағаны үшін сотталған, сондай-ақ, денсаулыққа ауыр зиян келтіргендер бар еді. (...) Ол мәліметтер шындыққа жанаспайды",
- деп мәлімдеді бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, заң ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды бостандыққа шығаруды көздемейді.

"Тағы да түсіндіріп өткіміз келеді - заңның кімге және қалай қолданылатыны жайлы. Ауыр қылмыс жасағандарды, ұрылар мен педофилдерді ешкім босатайын деген жоқ және ешқашан босатпайды да", - деді Марат Ахметжанов.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда 5 мың адамның бостандыққа шығуы мүмкін екені хабарланған еді.

"(...) Айыппұл сомасы төмендеп, 36 құрам бойынша бостандықтан айыру мерзімі азайып жатыр, ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тартудың ескіру мерзімі 5 жылға қысқарды. Бұл сотталған бес мың адамды босатуға жол береді. Заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Заңдылықты нығайту бойынша жұмыс жалғасады", - деген еді осыған дейін бас прокурор Қайрат Қожамжаров.