​6-шы қабаттан құлаған сәбиді дәрігерлер өлімнен арашалап қалды

0
1 455

Сәбиге "бассүйек мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы" деген диагноз қойылды.


​6-шы қабаттан құлаған сәбиді дәрігерлер өлімнен арашалап қалды

ERNUR.KZ. Теміртауда алтыншы қабаттың терезесінен құлап кеткен бір жас он айлық ұл баланы ақ халатты жандар өлім аузынан алып қалды, деп жазады NUR.KZ.

Бүлдіршін өзінен үлкен балалармен үйде қалғаны белгілі болды.

Биіктен құлаған 1 жас 10 айлық баланың қабырғасы сынған.

Сонымен қатар, сәбиге "бассүйек мидың жабық жарақаты, мидың шайқалуы" деген диагноз қойылды.

Гипс салынған балақай осы уақытқа дейін жансақтау бөлімінде жатты.

Қуанышымызға орай, баланың жағдайы жақсарып, оны Хафис Мақажанов атындағы ортопедия және травматология бөліміне ауыстырды.

Полиция мен құтқарушылар баланың ата-анасымен сөйлесіп, бұдан былай баланы жалғыз қалдырмауға өтініш жасады. Балаға отбасында дұрыс қарамады деп ойлауға негіз жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қазан күні бала өз бетінше терезенің алдына шығап, 6-шы қабаттан құлап кеткен болатын.