+7 (000): Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды

0
244

2021 жылы Қазақстанға жеке код алу мақсатында халықаралық телефон коды +997 резервке қойылды.


+7 (000): Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды

Midjourney нейронжелісі арқылы жасалған

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресей 7-әлемдік нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойды, деп жазады tengrinews.kz.

Қол жеткізілген келісімге сәйкес, диапазондарды бөлу келесідей анықталған:

  • Қазақстан Республикасы +7 0, +7 6, +7 7 кодтарын пайдаланады.
  • Ресей Федерациясына +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтары бекітілді.
"Бұл процесс тату көршілік және өзара құрмет қағидаттарына негізделген конструктивті диалогтың нәтижесі болды. Қазақстан мен Ресей бөлінген ресурстарды азаматтардың игілігі үшін тиімді және ашық пайдалану мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастырады", - делінген хабарламада.

Айта кеткен жөн, 2021 жылы Қазақстанға жеке код алу мақсатында халықаралық телефон коды +997 резервке қойылды.

Байланыс операторларымен жаңа кодқа көшу мәселесін талқылау барысында, жаңа кодқа көшу мүмкін екені, бірақ бірқатар қаржылық және технологиялық проблемалар туындайтыны анықталды.

Сонымен қатар, отандық байланыс операторларының барлық абоненттері мемлекеттік және банктік қызметтерді, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларды алу үшін өз деректерін жаңартуы қажет болады. Осыған байланысты көшу кезеңінде ақаулар мен жағымсыз тәжірибенің ықтималдығы жоғары.