"7-20-25" бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 2 052 өтініш мақұлданды
ERNUR.KZ. "7-20-25" бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 2 052 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"7-20-25" бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қарыз алуға 36,6 миллиард теңге сомасына 3 089 өтініш қабылданды. Оның ішінде 24,5 миллиард теңге сомасына қарыз беруге 2 052 өтініш мақұлданды", - деп хабарлады банктегілер.
"7-20-25" бағдарламасы бойынша сұрақтар болса, "Баспана" ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болатыны айтылады. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.
Еске сала кетейік, мұның алдында "7-20-25" бағдарламасы бойынша 1695 өтініштің мақұлданғаны хабарланған болатын.