7-20-25 бағдарламасын 2022 жылы жалғастыруға 400 млрд теңге бөлінді

0
504

7-20-25 бағдарламасы бойынша 1 трлн теңге сомасынан 400 млрд теңгеден астам сома бөлінді.


7-20-25 бағдарламасын 2022 жылы жалғастыруға 400 млрд теңге бөлінді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлім етті, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк 2022 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын және 7-20-25 жеңілдігі бар ипотека бағдарламасын іске асыруды жалғастырады. Қазіргі кезде Қарапайым заттар экономикасы шеңберінде 940 млрд теңгеге қарыз берілді. 7-20-25 бағдарламасы бойынша 1 трлн теңге сомасынан 400 млрд теңгеден астам сома бөлінді.

Айта кетсек Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі – Қазақстандағы қаржы нарығының дамуымен байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған алаң. Онда әртүрлі экономистер мен сарапшылар келіп, макроэкономикалық көрсеткіштер мен болжамдар жайлы ойын ортаға салады.