​7 жасар оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль алды

0
233

Ал ел намысын қорғаған Зере Ақболат «Жаратылыстану» пәні бойынша бақ сынап, қола медаль еншіледі.


​7 жасар оқушы халықаралық ғылыми олимпиадада алтын медаль алды

Фото: Астана әкімдігі

ERNUR.KZ. Астана қаласы № 81 Astana English school халықаралық мектебінің 1-сынып оқушысы Нұрлан Нұрдаулет халықаралық «StemCo» халықаралық олимпиадасына қатысып алтын медаль иеленді, деп жазады inform.kz.

Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, сол сияқты 4-сынып оқушысы Зере Ақболат үшінші орынға ие болып, қола медаль еншіледі.

Алғашқы онлайн кезеңнен сүрінбей өткен жеті жастағы оқушы Сингапур қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.
Өткен жылы ғана мектеп табалдырығын аттаған Нұрлан Нұрдаулет «Математика және science» пәні бойынша үздік нәтиже көрсетіп, қарсыластары ішінен оза шауып, бірінші орынға табан тіреп, еліміздің атын асқақтатты.
Ал ел намысын қорғаған Зере Ақболат «Жаратылыстану» пәні бойынша бақ сынап, қола медаль еншіледі.