​70 мың астаналықтың есепшоты бұғатталуы мүмкін

0
1 119

70 мыңға жуық астаналық тұрғынның есепшоты салық қарыздарын төлемегені үшін бұғатталуы мүмкін.


​70 мың астаналықтың есепшоты бұғатталуы мүмкін

ERNUR.KZ.70 мыңға жуық астаналық тұрғынның есепшоты салық қарыздарын төлемегені үшін бұғатталуы мүмкін, деп хабарлайды tengrinews.kz Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасына сілтеме жасап.

"Елордада 70 мыңнан аса тұрғын салық қарызы мен айыппұлдарды төлемейді. Астана қаласы Сарыарқа ауданының мемлекеттік кіріс басқармасы 1000 адамның есепшотын бұғаттап, салдарынан олар ұшып кете алмаған", - деп хабарлады ведомство өкілдері. Осыған орай басқармадағылар ұшу алдындағы келеңсіздіктердің алдын алу үшін барлық қарызын алдын ала тексертіп, салық заңнамасын бұзбауға кеңес береді. Ал салық төлемейтіндер арнайы деректер базасына тіркеуге алынды.