Астана тұрғыны «Нұр Астана» мешітінде ұрлық жасаған
ERNUR.KZ. Астана тұрғыны қаланың бірнеше мешітінде ұрлық жасаған, деп жазады Елорда Инфо.
Астана тұрғыны «Нұр Астана» мешітінен 70 мың теңге тұратын 12 «Құран Кәрім» кітабын ұрлап кетті.
«Сол күні ер адам «Әл-Ғани» мешітінде ұялы телефон ұрлығын жасады. Бірнеше күннен соң кезекті ұрлығын жасау кезінде «Әл-Ғани» мешітінің оқушылары ұстады», - деді Есіл аудандық сотында.
Сот процессі кезінде жәбірленуші сотталушымен мәмілесу туралы келісімге келді. Тараптардың мәмілесуі негізінде қылмыстық іс тоқтатылды. Қаулы заңдық күшіне ие болған жоқ.