8 мың ақтөбелік қаржы пирамидасының құрбаны болды

0
1 172

«UNNNITY corporation» ұйымының жұмысы кезінде еліміз бойынша 40 000 адам зардап шеккен.


8 мың ақтөбелік қаржы пирамидасының құрбаны болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облыстық полиция департаменті «UNNNITY corporation» ЖШС-не ақша салып, алданған адамдарды іздестіріп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ақтөбе облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы 2017 жылдың шілде айында салымшылардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, қаржы пирамидасын құру дерегі бойынша «UNNNITY corporation» ЖШС-нің басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеуге алды. Аталған ұйымның жұмысы кезінде еліміз бойынша 40 000 адам зардап шекті. Оның ішінде 8 000 адам Ақтөбе облысынан», - деді облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

«UNNNITY corporation» ЖШС-нің кез келген салымшысы Ақтөбе облысы полиция департаментінің №401 кабинетіне келуі немесе 93-64-11, 8-702-867-66-87 телефон нөмеріне хабарласуы керек.